Бюллетеньге кандидаттардың аты әліпби ретімен жазылады

0
184

Орталық сайлау комиссиясы 20 қарашада өтетін президент сайлауында қолданылатын бюллетеньдерді көрсетті.

«ҚР Сайлау туралы» конституциялық заңның 12-бабының 6-тармақшасына және өзінің өкілеттіктеріне сәйкес Орталық сайлау комиссиясы президент сайлауында дауыс беруге арналған бюллетень формасы мен мәтінін, оларды дайындау тәрбітін, сондай-ақ бюллетеньнің қорғалу дәрежесін белгілейді», – деді ОСК хатшысы Мұхтар Ерман.

«ҚР Сайлау туралы» конституциялық заңның 37-бабы бойынша сайлау бюллетеніне барлық тіркелген кандидаттар мемлекеттік тілдегі әліпби ретімен тегі, аты, әкесінің аты көрсетіле отырып жазылған және «Бәріне қарсымын» деген жол енгізілген. Осылайша, бюллетеньде Әбден Қарақат Жақсылыққызы, Әуесбаев Нұрлан Сатыбалдыұлы, Дайрабаев Жигули Молдахалықұлы, Қажыкен Мейрам Зекешұлы, Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлы, Тұрсынбекова Салтанат Пархатқызы және «Бәріне қарсымын» бағанасы бар.

Заң талаптары бойынша сайлау бюллетеньдері сақталатын ғимарат толық мөрленіп, ішкі істер органдары күзетіне тапсырылады.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here