Қазақы ит тұқымдарының ұлттық орталығы құрылады

0
436

Елімізде Қазақы ит тұқымдарының ұлттық орталығы құрылады. Орталық бірыңғай асыл тұқымды кітап жүргізу, қазақ ит тұқымдарының стандарттарын әзірлеу және басқа да міндеттермен айналысады. Қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту саласындағы мемлекеттік басқарудың негізгі қағидаттары бекітіледі. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Әмірхан Рахымжанов айтты. 

«Қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту мақсатында құрылатын уәкілетті органның мамандандырылған ұйымы жанындағы Қазақ ит тұқымдарының ұлттық орталығына маңызды рөл берілген. Орталықтың негізгі құзыретіне бірыңғай асыл тұқымды кітап жүргізу, қазақ ит тұқымдарының стандарттарын әзірлеу және басқа да міндеттер кіреді», – деп түсіндірді депутат.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here