Мектептердің ең мықты мамандары бас қосқан шара өтті

0
1032

3-4 желтоқсан күндері Абай университетінің базасында мектеп мұғалімдері арасында математика, физика және информатика мұғалімдерінің IX халықаралық шығармашылық байқауы өтті. Іс-шараға ҚР ҰҒА академигі Асқар Жұмаділдаев, Парламент Мәжілісінің депутаты Ирина Смирнова, ҚР Ата-аналар комитетінің өкілі Гүлнар Омар, «Зерделі» білім беру орталығының директоры Рысбек Мәуіт және Абай университетінің әлеуметтік даму жөніндегі проректоры Шыңғыс Нұрланов қатысты.

Байқаудың мақсаты – мұғалімдердің кәсіби шеберлігін дамыту және құзыреттілігін арттыру, Қазақстандағы математика мұғалімдерін біріктіру және кәсіби құзыреттіліктерді оңтайлы меңгеруді көрсете отырып, тәжірибе, білім алмасу, сондай-ақ оларға қолдау көрсету. Байқау Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен, «Қазақстан математика мұғалімдерінің қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігімен бірлесіп ұйымдастырылды.

Олимпиадаға еліміздің барлық өңірлерінен 400-ден астам мұғалім қатысып, 3 200-ге жуық тапсырма тексерілді. Республиканың үздік мұғалімдері олипиадаға қатысып, тәжірибе алмасты. Сондай-ақ, шахмат және тоғызқұмалақ турнирі, «Білім» халықаралық көрмесі, Мәскеудегі математика пәні мұғалімдеріне арналған шығармашылық байқауының үш дүркін жеңімпазы Ибрагим  Ибатулиннің семинар-тренингі ұйымдастырылды.

Шәкірім Сейсенбайдың модераторлығымен «Жайлы мектеп» пленарлық отырысы өтіп, «Daryn Online» негізін салушы және директоры Асқар Мақсат, №81 мектеп-гимназиясының директоры Нұрғали Тұрымбетов, «JOO.kz» – Қанат Үксікбаев, «Alan» ОМ – Пирмағанбет Даурхан, «Дана» жеке орта мектебі – Рената Төлегенова баяндама жасады.

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың әлеуметтік даму жөніндегі проректоры Ш.Нұрлановтың модераторлығымен заманауи білім беру саласына арналған пленарлық мәжіліс жалғасын тауып, Асқар Жұмаділдаев, Ирина  Смирнова, Омар Гүлнар сөз сөйледі. Проректор Абай университетінде мектептердің ең мықты мамандары бас қосқан осы ауқымды іс-шараны өткізу маңызды оқиға екенін атап өтіп, ол болашақ сұранысқа ие мамандарды даярлауда одан әрі табыстар тіледі және университет басшылығы атынан ұйымдастырушылар мен қатысушыларға алғысын білдірді.

Спикерлер мен қатысушылар математика, физика және информатика мұғалімдерінің халықаралық шығармашылық байқауының маңыздылығын атап өтті.

Іс-шара Қазақстан Республикасы өңірлерінен келген үздік мұғалімдерді марапаттау рәсімімен жалғасты. Барлық қатысушылар арнайы сертификаттармен, ал жеңімпаздар I, II және III дәрежелі дипломдармен марапатталды.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here