Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы заң жобасы әзірленді 

0
87

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы екі заң жобасын әзірледі. Бұл туралы комиссия қызметін сүйемелдеу бойынша жобалық кеңсе басшысының орынбасары Айбар Ілияс мәлімдеді.

Мемлекеттік комиссия әзірлеген заң жобалары «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын және зардап шеккендерді ақтау туралы» және «Қазақстанның тәуелсіздігі үшін күрескендер мәртебесі және саяси ақтау туралы» деп аталады.

«Аталған заңдарды Парламент қабылдағаннан кейін кеңестік кезеңдегі қуғын-сүргін құрбандары мен зардап шеккендер толық ақталады. Өйткені, саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау тиісті заңдар қабылдаған соң ғана жүзеге асады. Аталған мәселенің шешімі ендігі жерде Парламент депутаттарының өкілеттігі мен жауапкершілігінде екенін атап өткім келеді», – деді Айбар Ілияс

Айта кетейік, осы уақытқа дейін мемлекеттік комиссия 311 349 саяси қуғын-сүргін құрбанын ақтаған.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here