Сенат сайлауы: Сенатор болудан кімдер дәмелі?

0
374

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылдың соңында Сенатта сөйлеген сөзінде сенаторлар сайлауы туралы өзінің пікірін білдіріп, саяси науқанның еліміздің заңына сәйкес әділ әрі ашық өтуге тиістігін баса айтты. Алдағы 14 қаңтарда Парламенттің жоғарғы палатасы – Сенат депутаттарының кезекті сайлауы өтеді. Сайлау науқаны 24 желтоқсанда басталды, 13 қаңтар күні сағат 00.00-де аяқталады. Ал, сайлау қорытындысы 20 қаңтарға дейін жарияланады. Ғасыр тарихы бар «Qazaq» газеті бүгін Сенат сайлауының қалай өтетініне, сенатор болуға кімдердің ниет білдіргеніне тоқталады.

СЕНАТҚА ҚАНША ДЕПУТАТ САЙЛАНАДЫ?

Сенат еліміздің әрбір облысынан, республикалық маңызы бар қаласынан және астанасынан екі адамнан өкілдік ететін депутаттардан құралады. Бұл сайлауда 17 облыс пен Астана, Алматы және Шымкенттен 20 депутат сайланады. Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімі алты жылды құрайды. Сайланған сенаторлардың жартысы әрбір үш жыл сайын қайта сайланып отырады.

Қазақстандықтар Сенат сайлауына тікелей қатыспайды. Сенаторлар сайлауында жанама сайлау құқығы негізінде мәслихат депутаттары жасырын дауыс береді. Сайлаушылар тізіміне мәслихаттардың барлық депутаты енгізіледі. Сайлаушылардың 50 пайызы дауыс беруге қатысса, «сайлау өтті» деп есептеледі және олардың 50 пайыздан астам дауысын алған кандидат «сайланған» болып шығады.

САЙЛАУДА ҚАНША КАНДИДАТ БАҚ СЫНАЙДЫ?

Қазақстанда 2023 жылдың 14 қаңтарында өтетін Сенат депутаттары сайлауына өңірлерден қатысатын кандидаттардың аты-жөндері белгілі болды.

Абай облысынан:

«Шығыстүстімет» ЖШС әкімшілік-шаруашылық бөлімінің бастығы – Кималидин Әпенов,

«Минералс» ТРР Директорлар кеңесінің төрағасы – Ерболат Әпсалямов,

«Эйкос» ЖШС-ның даму жөніндегі директоры – Анжела Маслова,

Семей құрылыс колледжінің директоры – Қайрат Тастекеев;

Ақмола облысынан:

Ақмола облыстық мәдениет басқармасының басшысы – Айгүл Сәбитова,

Ақмола облыстық білім басқармасы жанындағы «Bolashaq saraiy» мекемесінің басшысы – Айнагүл Балташева,

Ақмола облыстық мәсихатының хатшысы – Талғат Жүнісов;

Ақтөбе облысынан:

Ақтөбе облысы бойынша «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры – Дана Бекбауова,

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің проректоры – Рахым Бекназаров,

Ақтөбе облыстық мәслихатының хатшысы – Амангелді Нұғманов;

Алматы облысынан:

Балқаш ауданының әкімі – Ғалым Тоқпейісов,

Сенат депутаты – Жанболат Жөргенбаев,

Жамбыл ауданының әкімі – Нұрлан Ертас;

Атырау облысынан:

«Жайық-Атырау бекіре өсіру зауыты» РМҚК директоры – Ғылман Сәрсемалиев,

Саламат Мұқашев атындағы Атырау политехникалық жоғары колледжінің директоры – Бағит Шеркешбаева,

Атырау облыстық мәслихатының депутаты – Әлібек Наутиев;

Батыс Қазақстан облысынан:

Батыс Қазақстан туристік қауымдастығының директоры – Айболат Құрымбаев,

Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің проректоры – Ақылбек Сұлтанов,

Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары – Арман Өтеғұлов;

Жамбыл облысынан:

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Байзақ аудандық білім бөлімі «Тірек мектебі» мекемесінің директоры – Сұлтан Өсербаев,

Жамбыл облыстық еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің департамент директоры – Аслан Оразбеков,

Жамбыл облыстық қан орталығы мекемесінің директоры – Гулам Омаров,

Жамбыл облыстық еңбек инспекциясы басқармасының басшысы – Жарылқасын Айтақов,

Шу ауданының әкімі – Сәкен Арубаев;

Жетісу облысынан:

«Қоғамдық келісім» мекемесі директорының міндетін атқарушы – Руфина Усанова,

«Жетісу облысы әкімінің аппараты» ММ әдеп жөніндегі өкілі – Ғабит Тұрсынбай,

Сенат депутаты – Амангелді Төлемісов;

Қарағанды облысынан:

Қарағанды облыстық жеке сот орындаушылары палатасы басшысының орынбасары – Мұрат Әбілов,

«Қарағанды облыстық кәсіподақ орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары – Татьяна Шатохина,

Қарағанды облыстық мәслихатының хатшысы – Серік Өтешов;

Қостанай облысынан:

«№2 емхана» КМК бас директорының міндетін атқарушы – Самат Шүменбаев,

«AMANAT» партиясы Қостанай облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары – Жанар Құйшинова,

Қостанай облысы әкімінің бірінші орынбасары Ғауез Нұрмұхамбетов;

Қызылорда облысынан:

Қызылорда облыстық мәдениет және спорт басқармасының басшысы – Руслан Рүстемов,

«ҚазСушар» РМК Қызылорда облыстық филиалының басшысы – Жорабек Нұрымбетов,

Қызылорда қаласының әкімі – Асылбек Шаменов;

Маңғыстау облысынан:

«Идальго Ақтау» ЖШС-ның бас директоры – Ирина Беляева,

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі мекемесінің басшысы – Ғаббас Досатов,

Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары – Бекбол Орынбасаров;

Павлодар облысынан:

Успенск ауданының әкімі – Николай Дычко,

Павлодар облыстық аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы – Динара Айтжанова,

Павлодар облыстық мәслихатының хатшысы – Ернұр Айткенов;

Солтүстік Қазақстан облысынан:

«Солтүстік» ӘКК» АҚ басқарма төрағасы – Жақсылық Есдәулетов,

«ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясы» СҚО филиалының директоры – Лаура Қайыржанова,

ҚР Оқу-ағарту министрлігі Орта білім комитетінің төрағасы – Гүлмира Кәрімова;

Түркістан облысынан:

Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары – Ербол Орманов,

Ордабасы ауданы әкімі аппаратының басшысы – Мирамбек Ақмұратов,

«AMANAT» партиясы Сауран аудандық филиалының атқарушы хатшысы – Сағынбек Асылбеков,

Жетісай ауданының әкімі – Мұрат Қадырбек;

Ұлытау облысынан:

Ұлытау аудандық мәслихатының хатшысы – Ахат Құрмансейітов,

«Сәтбаев жылу-сумен жабдықтау кәсіпорны» ЖШС директоры, Сенат депутаты – Советбек Медебаев;

Шығыс Қазақстан облысынан:

Өскемен қалалық мәслихатының хатшысы – Александр Светаш,

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары – Шәкәрім Бұқтығұтов,

«Өскемен өнеркәсіптік арматура зауыты» АҚ бас директоры – Ержан Әшімов;

Астана қаласынан:

«Бейбітшілік пен келісім сарайы» нысанының басқарушысы – Наримаш Мұхамбеталина,

«Астана-Жылутранзит» АҚ басқармасының төрағасы – Бағдат Азбаев,

Сенат төрағасының кеңесшісі – Бибігүл Жексенбай;

Алматы қаласынан:

Алматы сервис және технология мемлекеттік колледжінің директоры – Жарқын Жаниязова,

«Youthart» Қоғамдық қорының директоры – Кристина Бекмырзаева,

Алматы қалалық мәслихаты тұрақты комитетінің төрағасы – Әсия Ақанова,

Алматы қаласы Жетісу ауданының әкімі – Гүлнар Көкебаева,

«Алматы даму орталығы» АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі – Жанна Асанова;

Шымкент қаласынан:

Шымкент қалалық кәсіподақтар орталығының директоры – Бауыржан Алтеев,

Шымкент қалалық мәслихаты тұрақты комитетінің төрағасы – Альбина Елшиева,

Сенат депутаты – Нұрлан Бекназаров.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here