Биыл жаңа халықаралық рейстер ашылады

0
1001

Қазақстан пандемиядан кейін ішкі тасымалдау көлемін арттырып, аптасына 477 рейс жиілігімен 108 бағыт бойынша 30 елге рейстерді қайта іске қосты. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Баспасөз қызметі хабарлады.

«2023 жылғы көктемгі-жазғы навигация кезеңінде Астанадан Дохаға, Ақтау мен Шымкенттен Анкараға, Алматы мен Ақтаудан Мединаға, Астанадан Бакуге және Шымкенттен Душанбеге рейстер ашылады», – деп хабарлады Азаматтық авиация комитеті.

Комитеттің мәліметінше, енді Алматыдан Пәкістанның Карачи мен Лахор қалаларына ұшақ қатынайды. Үндістанға Алматы – Дели бағыты бойынша, Қытайға Алматы – Чэнду бағыты бойынша, Ұлыбританияға Алматы – Лондон бағыты бойынша, Алматыдан Бодрум, Батуми, Ираклион, Подгорицаға, Астанадан Тбилисиге және Подгорицаға ұшатын рейстер саны артады. Сонымен қатар, Астана – Бішкек, Ақтау – Ереван, Алматы – Самарқан, Шымкент – Кутаиси бағыттары бойынша рейстерді қайта бастау жоспарланып отыр.

Көктем, жаз айларында «Air Asia x» лоукостері (Малайзия) Куала-Лумпурдан Алматыға, «Thai Air Asia» әуе компаниясы (Тайланд) Бангкоктан Алматыға, «Qeshm Air» әуе компаниясы (Иран) Алматыдан Токиоға дейін әуе жолын қамтамасыз етеді.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here