Семейден бірнеше бағытта әуе рейсіне субсидия беріледі

0
485

Семейден еліміздің бірқатар қаласына әуе қатынасын қамту мақсатында мемлекеттен субсидия бөлінеді. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров хабарлады.

«Семей қаласынан Ақтау, Атырау, Шымкент, Үржар және Павлодар бағыттары бойынша авиарейстерді субсидиялау жоспарлануда. Сонымен қатар, көлік саласы мен логистиканы дамыту аясында өңірде 11 көпір, «Аягөз-Бақты-Қытай шекарасы» учаскесінде теміржол салу және қайта жөндеу жүргізіледі. Үржар ауылында транзиттік-көлік объектісі және әуежай терминалын салу да жоспарланып отыр. Сол сияқты жалпы ұзындығы 1 465 шақырым болатын жергілікті жолдар күрделі және орташа жөндеуден өтеді», – деді Әлібек Қуантыров Үкімет отырысында.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here