Тұрғындарға көмір жеткізудің жаңа тетігі әзірленеді

0
485

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов тау-кен металлургия компаниялары қызметінің өзекті мәселелері бойынша кеңес өткізді.

Қатысушылар Қазақстан аумағындағы газ саласында Eurasian Resources Group-тың («Еуразиялық топ» ЖШС) жаңа инвестициялық жобаларын іске қосу жоспарларын, сондай-ақ теміржол инфрақұрылымын дамыту жобаларын талқылады.  

Кеңесте ішкі нарықты, әсіресе шалғайдағы елді мекендерді көмірмен қамтамасыз ету мәселелері де қаралды.

Премьер-Министр өңірлік операторлардың көмірді бөлу жөніндегі қызметін талдау және басы артық делдалдарды айналып өтіп, әлеуметтік объектілер мен халыққа тікелей өндіру орындарынан отын жеткізудің жаңа тетігін пысықтау қажеттігін атап өтті.

Сондай-ақ, қазақстандық және өзбек инвесторларының қатысуымен екі елдің теміржолдары арқылы жүк тасымалдауды жүзеге асыру үшін бірлескен кәсіпорын құру мәселелері талқыланды.

Кеңеске Қаржы, Энергетика, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктерінің, «Қазақстан темір жолы», «QazaqGaz» ұлттық компанияларының және ERG компаниясының басшылары қатысты.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here