Шетелдік көліктерді техникалық тексеруден өткізу басталды

0
417

27 қаңтардан бастап міндетті техникалық байқаудың бірыңғай ақпараттық жүйесінің операторы Қазақстанның барлық аумағында шетелдік автокөлік құралдарын техникалық тексеруден өткізеді.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, енді шетелдік нөмірі бар автокөлік иелері немесе жүргізушілер ел аумағындағы 1815 техникалық тексеру орталығында тексеруден өте алады. Бұл орталықтардың мекенжайы мен жұмыс уақытын miid@miid.gov.kz сайтынан көруге болады.

Айта кетейік, елімізде шетелдік көліктерді заңдастыру 23 қаңтарда басталды. Бұл науқан 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін жалғасады. Заңдастыруға Қазақстан азаматтары 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін сырттан әкелген шетелдік есептегі жеңіл автокөліктер, шағын, орта сыйымдылықтағы автобустар, шағын жүк көліктер, басқаруы оң жақтағы автокөліктер жатады. Өтінішті еGov және eGov Mobile арқылы беруге болады.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here