Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау орталығының бөлімшесі ашылды

0
436

«Ten Qogam» мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау орталығының үшінші филиалы Алматы қаласының Әуезов ауданында ашылды. Бұған дейін қалада Бостандық және Жетісу аудандарында екі филиал жұмыс істеген болатын.

Орталықта мүмкіндігі шектеулі алматылықтарға заң, психологиялық, білім беру және басқа да мәселелер бойынша ақпараттық-консультациялық және ресурстық қолдау көрсетіледі. Ал, Алматы әкімінің тапсырмасымен биыл «Ten Qogam» мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау орталығының филиалдары қаланың әр ауданында ашылады.

Әуезов ауданындағы «Ten Qogam» мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік қолдау орталығы филиалының байланыстары: +7 (777) 597 62 11 (Полукаров Юрий Владимирович –  қолжетімді орта бойынша маман), + 7 (707) 540 60 35 (Федулова Лилия Дмитриевна – кәсіптік бағдар жөніндегі маман), +7 (777) 581 16 46 (Сомова Регина Юрьевна – заңгер), +7 (707) 892 12 69 (Королева Вера Леонидовна –  әдіскер-үйлестіруші).

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here