«Ауыл» партиясының кандидаттары еңбек ұжымымен кездесті

0
1243

Бүгін Тараз қаласында «Ауыл» партиясынан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Жигули Дайрабаев, Анна Данченко, Ерболат Саурықов, Дәулеткерей Кәпұлы және облыстық мәслихатқа кандидаттар «Полиэтилен-Агро» ЖШС еңбек ұжымының 70-тен астам қызметкермен кездесті. Олар кәсіпорын жұмысымен, шығаратын өнімдерімен танысып, даму жоспарын талқылады.

Кандидат Жигули Дайрабаевтың айтуынша, қазіргі ауыл тек мал шаруашылығы мен егіннен ғана емес, ол, ең алдымен, мәселені кешенді шешуден тұрады. «Ауыл» партиясының негізгі міндеттерінің бірі – агросектордың  индустриялық әлеуетін дамыту.

«Біздің партия ауыл өндірісін және агроөнеркәсіптік кешен үшін индустрияны дамытуды қолдауды жақтайды. Мұндай кәсіпорындар әр өңірде болуы тиіс және біздің міндетіміз осы мәселелерді барлық мүмкін деңгейде шешу», – деді Жигули Дайрабаев.

Кәсіпорын жұмысшылары Жигули Дайрабаевтың бұл пікірімен толығымен келісті. «Ауыл» партиясы еліміздің жоғарғы заң шығарушы органында өз сайлаушыларының мүдделерін қорғай отырып, еңбек адамына ерекше құқықтық мәртебе беруге ұмтылады.

Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар шара соңында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді, сондай-ақ қызметкерлерге «Ауыл» партиясы сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын түсіндірді.  

 «Полиэтилен-Агро» ЖШС 10 м дейінгі жылыжайларға арналған кәсіби, көпжылдық үлдір өндіреді. Кәсіпорын 2021 жылы «Uly Dala goods» брендімен сапасы жағынан әлемдік аналогтардан кем түспейтін шөп тайлайтын полипропиленді шпагат шығаруды қолға алды.

«Ауыл» ХДПП Баспасөз қызметі

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here