Арыста «Жас сарбаз-2023» әскери-спорттық жастар ойындары өтті

0
613

Жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу, болашақ Отан қорғаушылардың қолданбалы спорт түрлеріне деген қызығушылығын арттыру, жасөспірімдердің өзара көмек және жолдастық қолдау сезімдерін тәрбиелеу шеңберінде қалалық мәдениет үйінде «Жас Сарбаз-2023» іріктеу әскери-патриоттық жарыстарының финалдық кезеңі өтті.

Финалда Арыс қаласы мен жақын маңдағы елді мекендердің жалпы білім беретін мекемелерінің 6 командасы кездесті. Олар 14 мен 21 ақпан аралығында 24 команда қатысқан іріктеу жарыстарының жеңімпаздары.

Жарыс саптық байқау мен командаларды таныстырудан басталды. Әрі қарай қатысушылар автоматты уақытқа шашу мен жинақтау, жалпы әскери қорғаныс киімін кию нормативтерін орындауда, гір тасын көтеру мен арқан тартуда жарысты. Ұлдар – белтемірде тартылса, қыздар – шалқалап жатып денесін көтеру сынды жаттығуларын жасады. Сайысукерлер өздерінің дене даярлығынан басқа саптық әндерді орындау арқылы өздерінің вокалдық қабілеттерін көрсетті.

Әскери-спорттық ойындарды ұйымдастырушылар атап өткендей, қатысушылар жақсы дене даярлығы мен армиялық ептіліктен басқа, рухтылығын, мектеп қабырғасында үйренген әскери тәртіптің жоғары деңгейін, нағыз жауынгерге тән мінез көрсетті.

Жарыс қорытындысы бойынша М.Әуезов атындағы орта мектептің «Тұран» командасы үздік атанды, ал екінші және үшінші орынды А.Макаренко және М.Шаханов атындағы жалпы білім беру мекемелерінің оқушыларынан құралған «Жас ұлан» және «Айбын» командалары бөлісті. Жеңімпаздар командасына Арыс қаласы әкімінің арнайы кубогы табысталды, ал финалға қатысушылардың барлығы арнайы дипломдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Естеріңізге сала кетсек, жыл сайынғы «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынында Арыс қаласының командалары соңғы бірнеше жыл қатарынан жүлделі орындарға ие болған, ал 2022 жылы Түркістан облысының атынан қатысқан Жас сарбаздар «Патриоттар мекені» арнайы кубогын жеңіп алды.

Шымкент гарнизонының Баспасөз қызметі

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here