Coursera жобасына қатысқан елдегі алғашқы университет

0
1041

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі қазақстандық жоғары оқу орындарының студенттері үшін Coursera халықаралық білім беру платформасына қолжетімділікті қамтамасыз етті. Осылайша, 95 жылдық тарихы бар Абай университеті – Coursera жобасына қатысқан еліміздегі алғашқы жоғары оқу орындарының бірі атанды.

Университетте Coursera курстарына 1 500 адам қатысты, оның 905-і – бакалавриат, 595-і – магистратура білім алушылары. Білім алушылар Coursera курсын 38 білім беру бағдарламасы, атап айтқанда, 11 бакалавриат бағдарламасы, 27 магистратура бағдарламасы бойынша оқуда.  Студенттер мен магистранттар «business», «math-and-logic», «personal-development», «physical-science-and-engineering» бағыттары бойынша «Project Management: The Basics for Success», «Python Data Structures», «Fundamentals of Management» және т.б. Coursera-ның 34 курсына жазылды.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі ЖАОК пайдаланудың төрт үлгісін ұсынды: Тек ЖАОК: пәнді толығымен ауыстыру; ЖАОК-қолдау; Аралас оқыту «+ЖАОК»; Аралас оқыту «ЖАОК+».  Университеттің академиялық комитетінің отырысында ЖАОК-ты оқу процесінде қолданудың 2-ші және 4-ші модельдерін енгізу туралы шешім қабылданды.

Ағылшын тілін білмейтіндер үшін платформа қазақ және орыс тілдеріне аударылған курстарды ұсынады. Сондай-ақ, Amazon өкілдерімен бірлесіп, білім алушылар үшін ағылшын тіліндегі курстар қарастырылған.

Бүгінде Абай университетінің Математика, физика және информатика институтының, Филология институтының және Педагогика және психология институтының 12 студенті Courser курсына қатысып, сертификаттар алды.

 

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here