«Nauryz» ұлттық сериалдар бәйгесінде үздіктер анықталды

0
500

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ұйымдастыруымен алғаш рет өткізілген «Nauryz» ұлттық сериалдар бәйгесінің қорытындысы шықты. Оған Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің міндетін атқарушы Дархан Қыдырәлі, Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушы Асхат Оралов, медиа менеджерлер және Қырғызстан, Өзбекстан, Әзербайжан, Түркия елдерінен келген мамандар қатысты.

Бәйгенің қорытындысы:

  • Үздік тарихи сериал: «Міржақып. Оян,Қазақ!» («Qazaqstan» ұлттық арнасы);
  • Үздік драмалық сериал: «Ақжауын» («Qazaqstan» ұлттық арнасы);
  • Үздік комедиялық сериал: «Келінжан». («Хабар» телеарнасы);
  • Үздік веб-сериал: «Serjan Bratan» (Salem Social Media);
  • Үздік актер: Дулыға Ақмолда («Serjan Bratan» сериалы);
  • Үздік актриса: Жанель Сергазина («Няня» сериалы);
  • Екінші пландағы үздік актер: Рүстем Жаныаманов («Келінжан» сериалы);
  • Екінші пландағы үздік актриса: Камалия Байтелеуова («Ақ пен қара» сериалы);
  • Үздік режиссер: Ерлан Нұрмұхамбетов («Қаныш.Қазына», «Qazaqstan» ұлттық арнасы);
  • Үздік сценарист: Бекзат Мырзахметова («Mystan». Salem Social Media);
  • Үздік қоюшы – оператор: Бағдат Арғынов. («SHEKER», «Serjan bratan», «5:32», Salem Social Media);
  • Үздік монтаж: Рахимжан Яхьяров («Ақ пен қара», «Хабар» телеарнасы);
  • Үздік саундтрек: «Sheker» (Salem Social Media).

​Жеңімпаздар отандық телесериалдар өндіру саласындағы ең жоғары жетістіктері үшін «Nauryz» мүсіншесінің және 1 млн теңге көлеміндегі ақшалай сыйақының иегері атанды.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here