Қазақстан халқы мамырда неше күн демалады?

0
1044

Мереке және демалыс күндерін (сенбі, жексенбі) есепке алғанда қазақстандықтар мамыр айында 11 күн демалады.

Мамыр айында қазақстандықтар үш бірдей мерекені атап өтеді:

  • 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні;
  • 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні;
  • 9 мамыр – Жеңіс күні.

1 мамыр дүйсенбіге түсетіндіктен, сәуір айының соңғы демалысы үш күнге созылады.

7 мамыр жексенбіге түседі. Мереке күні демалысқа келіп түссе, демалыс келесі жұмыс күніне ауыстырылады. Сөйтіп, жексенбі күнгі 7 мамырдың орнына дүйсенбі 8 мамырда демалыс. Ары қарай 9 мамыр күні тағы демаламыз.

Осылайша қазақстандықтар мамыр айында келесі күндері демалады:

  • бес күн жұмыс істейтіндер – 1, 6-9, 13-14, 20-21, 27-28 мамыр;
  • алты күн жұмыс істейтіндер – 1, 7-9, 14, 21, 28 мамыр.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here