Асық ату мектеп оқушыларын тәрбиелеу жоспарына енгізілді

0
496

Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы тәрбие жұмысын тиімді ұйымдастыру мақсатында орта білім беру ұйымдары үшін жаңа оқу жылына арналған «Тоғыз ай – тоғыз іс-шара» жоспарын ұсынды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі хабарлады.  

«Тоғыз оқу айы ішінде оқушылар тоғыз түрлі іс-шараларға қатысады. Жоспарды іске асыру – биылғы наурызда оқушылар арасында өткізілген «Күй күмбірі» республикалық домбырашылар челленджінің жалғасы. Барлық іс-шаралар ұлттық құндылықтар негізінде тәрбие процесіне бірыңғай көзқарасты қамтамасыз етуге бағытталған», – деп түсіндірді Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті Мадина Тыныбаева. 

Іс-шаралар келесі тәртіпте өткізіледі: 

  • қыркүйек – «Сергіту сәті»;
  • қазан – «Әнұран айту»;
  • қараша – «Асық ату»;
  • желтоқсан – «Шығарма жазу: болашаққа хат»;
  • қаңтар – «Қазақ есебі»;
  • ақпан – «Оқуға құштар мектеп»;
  • наурыз – «Домбырашылар»;
  • сәуір – «Тоғызқұмалақ, шахмат ойыны»;
  • мамыр – «Жасыл мекен».

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here