Әскери прокуратура суицид жасаған сарбаздардың санын жариялады

0
501

Қазақстанда соңғы төрт жылдың ішінде 90-ға тарта әскери қызметкер суицид жасады. Бұл туралы бас әскери прокурордың орынбасары Мақсат Қазиев мәлімдеді.

Бас әскери прокурордың орынбасары Мақсат Қазиевтің айтуынша, бұл елдегі жалпы суцидитің орташа көрсеткішінен төмен.

«Сан алуан мәліметтерге сәйкес, Қазақстан халық арасындағы суицидтің саны жағынан әлемде алғашқы 20 елдің қатарына кіреді, ал жасөспірімдер арасында суицидтен үштікке еніп отыр. Құқықтық статистика комитетінің ресми ақпараты бойынша 2018-2022 жылдары 17 631 суицид фактісі тіркелді және 21 332 адам өз-өзіне қол салмақшы болды. Демек, 10 мың адамның ішінде 9 суицид пен 11 рет өз-өзіне қол салуға тырысу фактісі болған. Жалпы көрсеткіштің ішінде армиядағы 86 суицид пен 20 суицидке оқталу әрекеті бар. Сонда 10  мың әскери қызметшкіге 6 суицид пен 1 оған оқталу фактісі келеді», – деді Қазиев сенатта өткен брифингте.

Оның сөзіне қарағанда, 2020 жылдан бері армияда 270 әскери қызметші қайтыс болды. Биыл 11 өлім тіркелді. Әскери қызметшілердің арасындағы өлімнің себептері: аурудан – 36%; жол апатынан – 24%; суицид – 20%.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here