Астанаға Италия Қарулы күштерінің жоғары қорғаныс зерттеулері және талдау институтының делегациясы келді.
Шетелдік қонақтар әскери ғылыми-зерттеу орталығы мен Ұлттық қорғаныс университеті факультеттерінің оқу-материалдық және ғылыми-эксперименттік базасымен танысты.
Шетелдік әскери делегация өкілдері Италия Қарулы күштерінің Жоғары қорғаныс зерттеулері және талдау институтының қызмет бағыттары туралы айтып берді. Тыңдаушылар мен профессор-оқытушылар құрамы үшін «Ауғанстандағы операциялардың талдауы және қорытындылары, Орталық Азия өңіріндегі ахуалдың болжамдары» тақырыбында дәріс оқылды.
Ынтымақтастық перспективаларын талқылау барысында тараптар ғылыми саладағы байланыстар мен өзара іс-қимылды жолға қоюға өзара мүдделілік білдірді.