Сенаторлар Жетісу өңірінің кейбір мәселелерін талқылады

0
712

Сенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің депутаттары мемлекеттік органдардың өкілдерімен кездесіп, ағымдағы жылдың сәуір айының соңында Жетісу өңіріне сапары барысында айтылған ұсыныстарды жүзеге асыру барысын талқылады.

Өзінің алғы сөзінде Комитет төрағасы Әли Бектаев Сенат депутаттары еліміздің барлық өңірлерімен тығыз байланыс орнатып, осы өңірлердің өзекті мәселелерін республикалық деңгейде көтеріп, олардың шешілуіне мүдделі екенін атап өтті.

Жиын барысында Экология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің өкілі «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша республикалық бюджет есебінен облыста суару желілері мен су шаруашылығы нысандарын қайта құру бойынша атқарылып жатқан ауқымды жұмыстарға тоқталды.

Шара нәтижесінде қатысушылар ауылдық аумақтарды одан әрі дамытуға бағытталған бірқатар ұсыныстар әзірледі.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here