Министрлер «Анаға тағзым» монументіне гүл шоқтарын қойды

0
570

Өзбекстан астанасының «Жеңіс» саябағында қорғаныс ведомстволарының басшылары генерал-полковник Руслан Жақсылықов пен генерал-лейтенант Баходир Құрбанов Ұлы Отан соғысы жылдарында балаларынан, күйеулерінен және ағаларынан айырылған сарбаздар аналары мен әйелдердің ерлігіне тағзым етті.

Қорғаныс ведомстволарының басшылары «Анаға тағзым» монументіне гүл шоқтарын қойып, қаза тапқан сарбаздарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Бұл мемориал – Өзбекстан халқының соғыстағы орны толмас шығыны мен фашистік басқыншыларға қарсы күрестегі адалдығының символы.

Аталған ескерткіш соғыста бес ұлынан айырылған Зульфия Закироваға арналған. Қаншама қиындықтар мен сынақтарға қарамастан, ана келіндері мен жетім қалған немерелерінің тірегі бола білген.

Шара Қазақстанның Қорғаныс министрінің Өзбекстанға сапары аясында өтті.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here