Аумақтық әскерлер – әскери қауіпсіздіктің маңызды бөлігі

0
513

Павлодар өңіріне жұмыс сапары аясында Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы күштер Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Марат Құсайынов аумақтық қорғаныс құрамасының инфрақұрылымымен танысты.

Оның басшылығымен дөңгелек үстел отырысы өтіп, онда әлемдегі әскери-саяси жағдайға шолу жасалды. Сондай-ақ әскери жағдай енгізілгенде облыстың Қорғаныс кеңесінің қызметін ұйымдастыру, төтенше жағдай кезіндегі іс-шараларды орындау барысында аумақтық қорғаныс құрамасын қолдану мәселелері қамтылды.

Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі міндеттерді орындау барысында аумақтық әскерлерді қолдану тәжірибесі қаралды.

Іс-шараны қорытындылай келе, Бас штаб бастығы генерал-лейтенант Марат Құсайынов елдің егемендігі мен аумақтық тұтастығын қорғауды қамтамасыз етуге арналған мемлекеттің әскери Ұйымы жүйесіндегі аумақтық қорғаныстың маңызды рөлін атап өтті.

Кездесу Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі мен Павлодар облысы әкімдігі арасындағы аумақтық қорғаныс құрамасын қамтамасыз ету мен ұстау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қоюмен аяқталды.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here