«Жасыл елде» жұмыс істейтін оқушылардың еңбекақысы жарияланды

0
634

«Жасыл ел» жасағында жұмыс істейтін алматылық оқушылар қанша еңбекақы алатынын айтты «Жасыл ел» жобасының жетекшісі Зухра Иманбаева.

Спикердің айтуынша, жоба аясында әр балаға 70 мың теңге төленеді, бір айлық жұмысы үшін жасақ жұмысшылары қолына таза 54 мың теңге алады. «Жасылдар» жасағындағылар толық жұмыс күні кестесімен істемейді, бастысы бес күндік жұмыс аптасында 40 сағат жұмыс істесе жеткілікті.

«Жұмысқа тұру үшін кәмелет жасына толмаған жасөспірімге ата-анасының рұқсаты керек. Әрбір «Жасыл ел» қатарына қабылданушымен жасақта жұмыс істеу мерзіміне еңбек келісімшарты жасалады (маусымнан тамызға дейін істеуге болады). Жұмысқа тұру үшін қажетті құжаттар тізімі көп емес – жеке басты растайтын куәлік және еңбекақы түсіп тұратын «Қазпоштаның» шоты қажет», – деп нақтылады Зухра Иманбаева.

Жұмыс орны, жұмыс кестесі, мерзімі және жұмыс шарттарын +7 708 928 50 72 телефон нөмірі арқылы білуге, кеңес алуға болады.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here