Ұлттық қорғаныс университетінде түлектерге құрмет көрсетілді

0
405

Олардың қатарында Қарулы күштердің, Шекара қызметінің, Төтенше жағдайлар министрлігінің, Ұлттық ұланның офицерлері, ҰҚШҰ-ға қатысушы Армения, Қырғызстан және Тәжікстанның әскери қызметшілері бар. 

Іс-шараға Қорғаныс министрлігінің, ТЖМ, ҰҚК Шекара қызметінің, Ұлттық ұланның, елорда әкімдігінің өкілдері, ҰҚШҰ-ға қатысушы мемлекеттердің әскери дипломаттары және Қазақстан Қарулы күштерінің ардагерлері қатысты.

Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов офицерлерді айтулы оқиғамен құттықтады. Ол мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі адами әлеуеттің рөлін атап өтті. Елдің Қарулы күштерінің алдында тұрған бірқатар міндеттерге тоқталды.

– Біз басқару жүйесін жаңғыртып, қазіргі қарулы қақтығыстардың тәжірибесін ескере отырып, әскерлердің жауынгерлік әзірлігі мен жауынгерлік қабілеттілігін арттыру, материалдық-техникалық базаны дәйекті түрде жетілдіру, жасанды интеллект пен ұшқышсыз жүйелерді енгізумен айналысуымыз керек, – деді С. Қамалетдинов.

Министрдің орынбасары Армения, Қырғызстан және Тәжікстан түлектеріне жеке тоқталып өтті. Оларға алған білімдері Қарулы күштерінің алдында тұрған міндеттерді сауатты шешіп, достастық мемлекеттерінің әскери қауіпсіздігін нығайту ісіне үлес қосуға мүмкіндік беретініне сенім білдірді.

Болашақ әскери бастықтар мен әскери басқару органдарының бастықтарына дипломдар мен төсбелгілер табысталды. Жауынгерлік тумен қоштасу рәсімінен кейін түлектер салтанатты шерумен жүріп өтті.

Биыл университетті сегіз мамандық бойынша 167 магистрант бітіріп шықты. Қазақстан Қарулы күштерінің құрамалары мен әскери бөлімдерін жедел-стратегиялық және жедел-тактикалық буындағы 106 дипломды маман толықтырады.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here