Мәскеу Вашингтонның «қара тізімінен» құтыла алмай ма?

0
346

Былтыр орыс солдаттарының табаны Украина жеріне тигеннен кейін Литва, Латвия, Эстония, Чехия, Нидерланд елдері Ресейді «терроризмге демеуші мемлекет» деп таныды. Мұндай қадамға күзде американдықтар да бармақ болды. Тіпті, заң жобасы дайындалып та қойған еді. Әйтсе де, Джо Байден әкімшілігі сол тұста Ресейді терроризм демеушісі ретінде тануға құлықсыздық танытты.

Арада сегіз ай өткенде АҚШ Өкілдер палатасының мүшесі Теда Лью былтырғы бастаманы қайта көтерді. Бұл жолы оның бастамасын демократтар да, республиканшылар да бірауыздан қолдады. Сөйтіп, АҚШ Конгресіне Ресейді «терроризмге демеуші мемлекет» ретінде тану туралы заң жобасы енгізілді.

АҚШ бұған дейін Куба, Иран, Солтүстік Корея мен Сирия елдерін «терроризмге демеуші мемлекет» ретінде таныған. Аталған елдер санкцияның негізгі төрт санатына ілігеді. Біріншіден, шетелдік көмек шектеледі. Екіншіден, қорғаныс өнімдерін сатуға және экспорттауға тыйым салынады. Үшіншіден, қосарлама мақсаттағы тауарлардың экспортына бақылау енгізіледі. Төртіншіден, түрлі қаржылық және басқа да шектеулер қойылады. Мысалы, Дүниежүзілік банк сияқты қаржы ұйымдары бұл тізімге енген елдерге несие бермейді.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here