Алматыда гуманитарлық көмек жинау пункті ашылды

0
294

Алматыда Абай облысындағы өрттен зардап шеккен тұрғындар үшін гуманитарлық көмек жинау пункті ашылды. Қабылдау пункті Байтұрсынов көшесі, 22к1, 1 қабат мекенжайындағы еріктілердің фронт-кеңсесінде орналасқан. Бұл туралы Алматы қалалық Жастар саясаты басқармасының Баспасөз қызметі хабарлады.

«Гуманитарлық көмекке кез келген көлемде заттар мен алғашқы қажетті азық-түліктер, сондай-ақ, көрпелер, ұйықтайтын сөмке, тыныс алу маскалары, термос, қол шамы, қуаттауыштар, жөргектер, дымқыл майлықтар, жеке және әйелдер гигиенасы құралдары, қажетті өнімдер (консервілер, печенье және т. б.), бір рет қолданылатын ыдыс, су және т.б. беруге болады», – делінген хабарламада.

Қабылдау пункті сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін жұмыс істейді. Еріктілер штабының жұмысына «Қазақстан еріктілер лигасы» ҚҚ, «Qamqor Charity» ҚҚ, «Медицина жастары» РҚБ және т.б. сияқты ірі еріктілер ұйымдары жұмылдырылған.

Айта кетейік, сұрақтар бойынша байланыс нөмерлеріне +7 747 821 64 78; +7 747 540 01 40 хабарласуға болады.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here