Алты мыңнан астам қазақстандық көлік жүргізу құқығынан айырылды

0
227

Жыл басынан бері 7 мыңнан астам отандасымыз мас күйінде көлікке отырған, олар жауапқа тартылды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова хабарлады.

«Жыл басынан бері 128 мыңға жуық жаяу жүргінші және 7 мыңнан астам мас көлік жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, 6 мыңнан астам жүргізуші көлік басқару құқығынан айырылды, сол сияқты 8 мыңға жуық адам қамауға алынды. Бұл деректер жол ережелері қауіпсіздігін сақтауға қоғамның әр мүшесі жауапты екенін білдіреді», – деді Ақтоты Боранова Ішкі істер министрлігінде өткен баспасөз мәслихатында.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here