Патронат тәрбиешілер алатын төлемақы екі есе артты

0
206

Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің бастамасымен биыл маусым айынан бастап патронат тәрбиешілердің қызметтеріне төленетін төлемақы артты. Бұрын төленетін ақы 60 мың теңге болса, енді олар әлеуметтік аударымдарды қоса есептегенде 120 мың теңге шамасында алады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің Баспасөз қызметі хабарлады.

Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің басшысы Насымжан Оспанованың айтуынша, бүгінде елімізде отбасылық орналастырудың төрт балама түрі бар, олар: бала асырап алу, қамқоршылық, патронат және қабылдаушы отбасы.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here