Тәрбие құрылымдары офицерлерінің нұсқаулық-әдістемелік сабақтары өтті

0
329

Ақмола өңірлік гарнизонына қарасты әскери бөлімдер мен мекемелердің офицерлері демалыс күндері мемлекеттік-құқықтық дайындық, жеке-тәрбие жұмысы, жеке құрамның бос уақытын жоспарлау мәселелерін талқылады.

Жиында тәрбие және идеологиялық жұмыс департаменті бастығының орынбасары полковник Ермиян Биятов тәрбие және идеологиялық жұмысты ұйымдастыруды тексеру нәтижелеріне талдау жасады. Онда бұл қызметті бақылауды әлсіреткен жекелеген әскери бөлімдердің қолбасшылығы аталды.

Сабақ барысында офицерлерге демалыс алды және демалыс күндері жеке құрамға мәдени-демалыс жұмыстарын ұйымдастыру бойынша ұсыныстар берілді. 

Жеке құрамның мемлекеттік-құқықтық даярлығын ұйымдастыруға жауапты офицерлерге жиындарда презентациялық нысандағы жұмысқа қажетті материалдар ұсынылды.

Әскери-әлеуметтік жұмысты сапалы ұйымдастыру мақсатында Қорғаныс министрлігі мен Қарулы күштер құрылымдық бөлімшелерінің өкілдері шақырылды. Тиісті қызметтердің мамандары әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерін қаржылық, әлеуметтік, зейнетақы және тұрғын үймен қамтамасыз етудің құқықтық аспектілері бойынша егжей-тегжейлі түсіндірме берді.

Жиынды қорытындылау кезінде әскери қызметтің беделін сақтау және әскери ұжымдардағы әлеуметтік-психологиялық ахуалды нығайтуға бағытталған ақпараттық, құқықтық және әлеуметтік жұмыстың сапасын арттыру қажеттігі айтылды.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here