Алматыда жас сарбаздықтарға арналған Тау лагері ашылды

0
609

Болашақ Отан қорғаушылары шатырлы лагерьдің тұрмысын ұйымдастырып, өз бетінше тамақ дайындауды үйренеді.

Лагерьге бірінші болып «Киров», «Шекара қызметі департаментінің жас шекарашылары» және № 95 жалпы білім беретін мектептің Борис Керімбаев атындағы әскери-патриоттық клубтарының тәрбиеленушілері келді. 

– Балалар 7 күндік тау дайындығы бағдарламасынан өтіп, тауға өрмелеу, тау туризмі және альпинизм элементтерін үйренеді. Жазғы әскери-далалық лагерьлердің басты мақсаты – жас армияшыларды әскери-қолданбалы және патриоттық тәрбиелеуді қамтитын балалардың демалысын ұйымдастыру, – деп атап өтті № 95 жалпы білім беретін мектептің әскери жетекшісі Бақытжан Пірімбетов.

Лагерь жұмысы Алматы қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаменті, Алматы облысының Шекара қызметі және «Жас сарбаз» қозғалысы департаментімен бірлесіп ұйымдастырылды.

Тау дайындығы бағдарламасына сәйкес тәрбиеленушілердің жас санатына байланысты бірнеше шыңға міндетті түрде көтерілу көзделген.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here