Көктемгі әскерге шақыру науқаны аяқталуға жақын

0
627

20 әскерге шақырылушыдан тұратын кезекті команда мерзімді әскери қызмет өткеру үшін Шымкенттен Ақтауға аттанды. Қалалық қорғаныс істері департаментінің хабарлауынша, бүгінгі күні көктемгі әскерге шақыру науқаны аясында тағы 140 азаматты әскерге жіберу жоспарланған.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 1 наурызы мен 16 маусымы аралығында Шымкент қаласының жергілікті әскери басқару органдары армияға 760-қа жуық бозбаланы әскерге шақырған. Атап айтсақ 370 азамат Қарулы Күштерінің қатарын толықтырды. Ал қалғандары Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара әскерлеріне, Төтенше жағдайлар министрлігінің құрылымдары мен   Мемлекеттік күзет қызметіне жіберілді.

Шымкент қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы полковник Әбдіғабит Шегебаев атап өткендей, көктемгі әскерге шақыру жұмыстары аясында қаладан 900 адамды шақыру жоспарланған. Бүгінгі таңда жоспардың шамамен 85%-ы орындалды.

– Шекара қызметі мен Қарулы Күштердің әскери бөлімдерін жасақтау барысында біз қойылған жоспардан 10%-ға артығымен орындадық. Қазір Ұлттық ұланның әскери бөлімдеріне шақыру жүріп жатыр, ол ағымдағы жылдың 30 маусымына дейін жалғасады, – деп толықтырды полковник Әбдіғабит Шегебаев.

Сондай-ақ, қорғаныс істері жөніндегі департаментінде мерзімді әскери қызмет өткерген және өзін жақсы жағынан көрсеткен азаматтар еліміздің 40 жоғары оқу орнына ҰБТ мен емтихансыз түсе алатынын атап өтті. Ал екінші деңгейдегі банктерде және микроқаржы ұйымдарында несиелері бар әскерге шақырылушыларға 13 айға барлық ақшалай қарыздарын өтеуден кредиттік демалыс беріледтінін ескерту керек.

Шымкент гарнизонының Баспасөз қызметі

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here