Ұлы Отан соғысының ардагері Шәңгерей Жәнібеков 99 жаста

0
314

II дәрежелі Отан соғысы, Еңбек Қызыл Ту, Октябрь Революциясы, Халықтар достығы ордендерінің иегері отставкадағы гвардия полковнигін Десанттық-шабуылдау әскерлері қолбасшысының орынбасары полковник Раджан Жанысов, Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тыл еңбеккерлері және соғыс балалары кеңесінің және жергілікті әскери басқару органдарының өкілдері құттықтады.

Шәңгерей Жәнібекұлының серіктері – Ұлы Отан соғысының ардагері Виктор Изюмников пен Социалистік Еңбек Ері Вера Сидорова мерекенің құрметті қонағы болды.

Туған күн иесін құттықтаушылар жарты Еуропаны жаяу жүріп өткен қарт майдангерге мықты денсаулық, ұзақ өмір тіледі. Өз кезегінде Шәңгерей Жәнібеков ғасырлық мерейтойын тойлау үлкен арманы болғанын жеткізді.

Шәңгерей Жәнібеков майданға 1943 жылдың жазында Тула облысында кірді. Оған дейін ол Қостанайдағы медициналық техникумды бітіріп, оқу полкінде әскери фельдшер болып мерзімді қызмет атқарды.

Кировоград артиллериялық дивизиясының құрамында Мценск, Орел бағытындағы шабуылдарға қатысып, Белгород пен Украинаның оң жағалауындағы бірқатар қалаларды азат етті. Корсунь-Шевченков операциясына қатысты. Шәңгерей Жәнібековтің одан кейінгі жауынгерлік жолы Молдавия жерінде өтті. Көп ұзамай 2-ші Украина майданының алға жылжып келе жатқан бөлімдерімен бірге оның бөлімшесі КСРО-ның мемлекеттік шекарасына өтті.

Жаудың тізе бүккені туралы хабарды ол Австрия-Чехословакия шекарасында естіді. 1947 жылы әскерден босап, Отанына оралды. Қостанай аудандық денсаулық сақтау бөлімінің меңгерушісі, Қостанай облыстық партия комитетінің нұсқаушысы болып жұмыс істеді.

1976 жылдан құрметті демалысқа шыққанға дейін Шәңгерей Жәнібеков Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары лауазымында еңбек етті. Оның тікелей қатысуымен мәдениетті дамыту, халыққа білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, баспа қызметі, бұқаралық ақпарат құралдары және спорт саласындағы көптеген мәселелер шешілді.

Зейнетке шыққаннан кейін ардагер шетелдегі қазақтармен мәдени байланыстарды дамытумен айналысатын «Қазақстан» республикалық қоғамын басқарды. Қазақ республикалық соғыс және еңбек ардагерлері кеңесінің төрағасы болып сайланды. 2001 жылдың наурызына дейін осы Кеңес Президиумының мүшесі болды.

Ардагер «О пройденном пути и попутчиках» кітабының авторы. Онда өзінің өмір жолы мен мемлекеттік маңызы бар мәселелерді шешуде қызметтес болған адамдар туралы егжей-тегжейлі әңгімейледі.

Ғылым мен мәдениетті, әдебиет пен өнерді дамытуға, елдің рухани және зияткерлік әлеуетін арттыруға қосқан баға жетпес үлесі үшін Шәңгерей Жәнібеков «Парасат» және «Құрмет» ордендерімен марапатталған.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here