Шымкенттің намысын қорғаған жастар жарады

0
336

Шымкенттің теміржол вокзалында қаламыздың намысын қорғаған жас патриоттарды салтанатты күтіп алу ұйымдастырылды. Жүлдегерлер мен олардың тәлімгерлерін достары мен туыстарының қатысуымен жылы кездесу күтіп тұрды. Шараға қалалық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің басшылығы, қалалық ардагерлер кеңесінің өкілдері, білім басқармасының қызметкерлері  мен әскери оркестр қатысты.

«Астана қаласының 25 жыл» мерей тойына арналған Қарағанды қаласы СПАССК оқу-жаттығу базасында өткізілген «Айбын-2023» ІХ халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынында Шымкент қаласының намысын қорғаған «Арыстан» әскери-патриоттық  клубының тәрбиеленушілері мүлт кетпей, көптеген жетістіктерге жете алды.

Барлық өңірлер мен Өзбекстан, Әзірбайжан мемлекеттерінің жас патриот оқушылары мен «Жас Сарбаз» қозғалысының тәрбиеленушілерінің басын қосқан әскери-патриоттық жастар жиынына жалпы 43 команда қатысты.

Он тур бойынша өткізілген жиында:

 Шымкент қаласының  әскери-патриоттық клубы, командалық есепте «Арқан тарту», Кермеге (турник) тартылу, АК-74 автоматын бөлшектеп-жинау сайыстарынан І орын иеленсе,  қыздар арасында өткен арқаға жатып денені көтеру (пресс) сайысы мен зияткерлік білімділер турларында ІІ орынды қоржындарына салды.

Жекеленген конкурстарда:

Кремеге тартылу бойынша №68 мектебінің оқушысы Ерқанат Шархан – 51 мәрте тартылып жастар жиынының жаңа рекордын орнатты.

АК-74 қаруын бөлшектеп қайта жинауда, №7 мектебінің оқушылары Нұрсұлтан Әмзеұлы, Пердеғали Әліпбай мен Балжан Мырзақұл топ  басындағы 3 орынды иемденіп қарсыластарына мүмкіндік бермеді.

Халықаралық деңгейде өткізілген «Айбын-2023» ІХ әскери-патриоттық жастар жиынында Шымкент қаласының «Арыстан» ӘП клубтары жақсы жетістікке жете білді.

Шымкент гарнизонының Баспасөз қызметі

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here