Әскери кафедра курсанттарының тәжірибелік сабақтары полигонда өтті

0
262

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті әскери кафедрасының курсанттары алған білімдерін тәжірибеде сынап көрді. Олар 12740 әскери бөлімінің оқу-жаттығу полигонында саптық, атыс және дене дайындығы бойынша нормативтерді пысықтады. Нұсқаушылардың басшылығымен БМП-2 жаяу әскердің жауынгерлік машинасын жүргізу сабақтары өтті.

Жаттығулар күнде бөлім сержанттарымен бірге өткізілді. Атыс алаңында курсанттар АК-74, РПГ-7, ПКМ, ПМ және минаатқыштан оқ атуды орындады.

– Сабақтарды өткізу кезінде дене шынықтыруға, қаруды меңгеруге және тактикалық іс-қимылдарға назар аударылды. Атыс нормативтерін пысықтау кезінде курсанттар Даниал Серікбаев, Шыңғыс Ирметаев, Айдын Бимұханов және Нұркен Елжанов ерекше көзге түсті, – деп атап өтті кафедраның аға оқытушысы, цикл бастығы, запастағы подполковник Мейрамбек Иманбаев. 

Кафедра байланыс, тәрбие және идеологиялық жұмыс, әскери қызмет, аумақтық қорғаныс және жалпы әскери бөлімшелерді басқару мамандарын дайындайтынын айта кеткен жөн.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here