Мүгедек жандардың туыстарына еңбекақы төленеді

0
384

Алдағы 1 шілде күні ҚР Әлеуметтік кодексін іске асыру шеңберінде халыққа әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жаңғырту басталады. Жүйені жаңғыртудың басты мақсаты – мүгедектігі бар адамдар үшін арнаулы әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігін арттыру.

Жаңғырту бағыттарының бірі – өтініш берушіден арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетудің проактивті форматына көшу. Халықтың арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілігі азаматтардың өтінішін күтпей, Отбасының цифрлық картасының көмегімен автоматты түрде айқындалады. Сондай-ақ, Әлеуметтік кодекс шеңберінде ірі интернат-үйлерде қызмет көрсетуден шағын жинақталған әлеуметтік қызмет көрсету ұйымдарында қызмет көрсетуге көшу жүзеге асырылады. Қазір осындай 20 ұйым мұқтаж азаматтардың тұратын жерлеріне жақын жерде қызмет көрсетеді.

Бұдан басқа, мүгедектігі бар адамға қызмет көрсетуге отбасы мүшелерін тарту көзделеді. Мүгедектігі бар адамдардың туыстары тиісті еңбекақы және әлеуметтік аударымдармен қамтамасыз етіліп, жеке көмекші ретінде ресімделеді.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here