Ұшқышсыз авиациялық жүйелерді басқаратын мамандар кәсіби мерекесін атап өтеді

0
420

Бейбіт және соғыс уақытындағы тапсырмаларды орындау кезінде ҰҰА тиімділігін ескере отырып, 2022 жылғы 30 маусымда Қорғаныс министрінің бұйрығымен Қарулы күштер Бас штабының Ұшқышсыз авиациялық жүйелерін дамыту және қолдану департаменті құрылды.

Департамент бір жыл ішінде Қарулы күштерде ұшқышсыз авиациялық жүйелерді дамыту тұжырымдамасын әзірледі. Бірқатар нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар дайындады. Әскерлердегі ұшқышсыз ұшу аппараттары бөлімшелерінің штаттарын біріздендіру бойынша жұмыс жүргізді. Мамандары жүйелі түрде әртүрлі қарулы қақтығыстарда дрондарды қолданудың әлемдік тәжірибесін, даму тенденциялары мен жаңа технологиялар нарығындағы ұсыныстарды зерделеді.

Ұшқышсыз авиациялық жүйелер түрлі барлау жүргізуден, нысанаға алудан, атыспен зақымданудан бастап ақпараттық-психологиялық операцияларды қамтамасыз етуге және қол жетпейтін аудандарға шағын көлемді жүктерді жеткізуге дейінгі көптеген міндеттерді орындайды.

Қарулы күштерде олар оқу-жаттығулар өткізуде, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды орындауда, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жоюда белсенді қолданылып келеді.

Қазақстан армиясы израилдық Skylark – 1LEX кешендері, тактикалық деңгейдегі беларусьтік «Бусел – 10» және жедел-тактикалық деңгейдегі қытайлық Wing Loong-1 кешендерімен  жарақтанған.

Қазіргі уақытта түріктің «АНКА» дронына тәжірибелік тұрғыда әскери пайдалану жүргізіліп жатыр. Оның мәлімделген техникалық сипаттамаларға сәйкестігі мен жергілікті климаттық жағдайларға тұрақтылығы тексерілуде.

Ұшқышсыз авиациялық жүйелерді пайдалану жөніндегі мамандар Ақтөбе қаласындағы Әуе қорғанысы күштерінің әскери институтында, Тараз қаласындағы ҰҰА Жауынгерлік даярлау және қолдану оқу орталығында оқытылады.

Қазіргі уақытта Алматы қаласындағы Құрлық әскерлері әскери институтының және Щучинск қаласындағы Әскери колледждің курсанттары үшін артиллерия атысын барлау және түзету кезінде ҰҰА қолдану тәртібін зерделеуге оқу бағдарламаларын түзету мен сағат санын көбейту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Ұшқышсыз авиациялық жүйелер мамандарының «Өзара іс-қимыл-2022», «Найза-2023» және «Батыл тойтарыс» оқу-жаттығуларына қатысу тәжірибесі бар. Дрондар оқ дәрі қоймалары мен Абай облысында орын алған өрт салдарын жою кезінде сәтті қолданылды.

Кәсіби дайындықтың жоғары деңгейі оларға әртүрлі жаттығулар барысында да, басқа да міндеттерді орындау кезінде де барлық тапсырмаларды лайықты атқаруға уға мүмкіндік берді.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here