Сенаторлар Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдермен кездесті

0
516

ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Нұрия Ниязова, Закиржан Кузиев және Жанна Асанова республикалық және қалалық этномәдени бірлестіктердің, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясының Алматы қаласындағы қоғамдық құрылымының басшыларымен және активімен кездесті.

Сенаторлар қазіргі заманғы білім мен ғылымның сапасы, халықтың әлеуметтік қамсыздандырылуы мен денсаулығы, этномәдени бірлестіктердің қызметін дамытуға мемлекеттік гранттар бөлу, этносаралық қақтығыстардың алдын алу, ақпараттық қауіпсіздік және т.б. мәселелерді этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен бірге талқылады.

 «Еліміздің Парламенті қазақстандықтардың өмір сүру сапасын дамытуға және жақсартуға бағытталған жаңа заң жобаларын әзірлеуде ауқымды жұмыстар атқарып келеді. Оның ішінде ана мен баланы мемлекеттік қолдау, отандық кәсіпкерлікті дамыту, өңірлерді өркендету мәселелері бойынша бірқатар шаралар қолға алынды. Біз Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланған сенаторлар ретінде еліміздің біртұтас халқының этносаралық қатынастарын дамыту мен жетілдіру жөніндегі жұмысқа ерекше мән береміз», – деді сенатор.

Кездесуге қатысушылар елімізде жүргізіліп жатқан әлеуметтік-экономикалық және саяси реформалардың қазақстандықтардың өміріне әсері, қоғам мен мемлекеттің кері байланысын дамыту қажеттігі, сондай-ақ қазіргі қоғам өміріндегі басқа да мәселелер туралы өз пікірін білдірді.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here