Қаңтар оқиғасы кезінде жергілікті тұрғынды азаптағандар сотталды

0
321

Талдықорғанда қалалық сот «былтыр қаңтарда жергілікті тұрғынды азаптап өлтірді» деп айыпталған Ұлттық қауіпсіздік қызметінің екі қызметкерін ұзақ мерзімге соттады.

Жетісу облыстық сотының мәліметінше, 2022 жылдың 8 қаңтарында қалалық полиция ғимаратында сотталушылардың бірі ұсталған адамға дене жарақатын салған. Салдарынан адам қайтыс болған. Бұл фактіні жасырған сотталушының серіктесі қылмысты жасырды деп айыпталды.

«Сотталушылардың кінәсі іс бойынша жиналған айғақтармен, куәлардың жауаптарымен және сот сараптамасының қорытындысымен дәлелденді. Сот үкімімен сотталушы Б. кінәлі деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Сотталушы С.-ға 4 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Сотталғандардан жәбірленуші тараптың пайдасына моральдық залал келтіргені үшін 15 млн теңге өндірілді», – деп жазылған сот таратқан хабарламада.

Сот отырысында сотталушылардың бірі ғана өз кінәсін мойындады. Екіншісі кінәсін мойындамай, соттан өзін ақтауды сұрады. Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here