Әкімдік кімдердің коммуналдық шығынын өтейді?

0
173

Алматы қаласының мәслихаты 1 шілдеден бастап коммуналдық төлемдердің қымбаттауына байланысты тұрғындарға өтемақы беру тәртібін және оның мөлшерін айқындады.

Өтемақы мөлшері бір адамға бір айға 1 725 теңгені құрайды. Ол 0,5 АЕК мөлшерімен есептеліп алынған. Көмек халықтың әлеуметтік осал тобына жататын алматылықтарға ғана беріледі. Қала әкімдігінің есебінше, олардың саны – 316 мың адам. Бұл топқа ҰОС және басқа мемлекеттер аумағындағы жауынгерлік іс-қимыл ардагерлері, оларға теңестірілгендер, І және ІІ топ мүгедектері, мүгедек балалары бар немесе тәрбиелеп отырған жандар, «Алтын алқа», «Күміс алқа» иелері, көпбалалы отбасылар, зейнеткерлер және басқалар жатады.

Көмек алу үшін қаланың аудандық аппаратына өтініш беру қажет. Оң шешім тапқан жағдайда, ақша өтініш иелерінің банктегі шотына аударылады. Аталған әлеуметтік көмек тек жыл соңына дейін (5 ай) көрсетіледі. Одан әрі ұзарту мәселесі 2024 жылғы бюджет жағдайына қарай қаралады.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here