Эйр Астанаға 876 млн теңге айыппұл салынды

0
339

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Эйр Астана әуе компаниясына қатысты прокуратурамен бірлескен тексеруді аяқтады. Тексеру қорытындысы бойынша әуе компаниясы Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен жанармай алымын негізсіз қолдануда көрсетілген үстемдігі мен монополиялық ережені теріс пайдаланғаны үшін 876 млн теңгеден астам сомаға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Ұшу күні немесе жақын күндердері әуе билетін сатып алу кезінде авиакомпания жолаушылардың барлық санаттарынан 3500-ден 6500 теңгеге дейінгі мөлшерде жанармай алымын негізсіз алып отырған. Оны қолданудың мақсатын іс жүзінде нивелирлейтіні анықталды.

Әуе компаниясы Агенттікпен ішкі бағыттардағы монополиялық/үстем бағыттарда бағаларды ұстауға бағытталған монополияға қарсы келісім жасасты:

біріншіден, 2023 жылдың 6 желтоқсанынан бастап жанармай алымын алып тастау (ұшу күніне қарамастан, 2023 жылдың 6 желтоқсанына дейін жанармай алымымен сатылған билеттерге қолданылмайды). Мысалы, Астана-Алматы бағыты бойынша билеттің орташа бағасы 24 435 теңгені, қолданыстағы бағаның орнына 28 435 теңгені (14%-ға төмендету), Алматы-Ақтау бағыты бойынша орташа баға 37 568 теңгенің орнына 31 078 теңгені құрайды (17% төмендеу);

екіншіден, 2024 жылдың соңына дейін ішкі бағыттар бойынша жолаушыларды авиатасымалдау қызметтеріне бағаның көтерілуіне жол бермеу жөніндегі міндеттемелер;

үшіншіден, 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін күнтізбелік жылға Air Astana билеттерін орташа және төмен бағамен кемінде 70% (яғни Y, B, H брондау класының тарифтері бойынша тек 30%) сату міндеттеледі.

Сондай-ақ, Агенттік келесі шараларға бастама жасайды:

Агенттіктің бастамасы бойынша Көлік министрлігі «ауа еркіндігінің» 5-ші дәрежесіне қолжетімділікті кеңейту мақсатында шетелдік тасымалдаушылардың отандық авиакомпаниялармен қатар жекелеген әуежайларда маршруттар бойынша ұшуларды жүзеге асыру мүмкіндігін кеңейтетін шаралар қабылдады. Бұл шетелдік авиакомпаниялардың келуін ынталандыруға мүмкіндік береді, бәсекелестікке оң әсер етеді және тұтынушылар үшін таңдау мүмкіндігін арттырады;

Агенттік жанармай алымын пайдалануды болдырмауды көздейтін заңнамаға түзетулер енгізуге бастамашылық жасады.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here