Қосымша пойыздарды іске қосудың арқасында Алматы метросындағы пойыздардың жүру аралығы 5 минут 38 секундқа дейін қысқарады. Бұл туралы Алматы әкімдігі хабарлады.
«Енді кептьеліс кезінде желіде 11 пойыз жүреді. Оқу жылының басынан бері метрополитендегі жолаушылар тасымалы тәулігіне 70-тен 90 мың жолаушыға дейін өсті. Талдау жолаушылар санының тәулігіне 100 мыңға дейін жүйелі түрде өскенін көрсетті», – деп хабарлайды қала әкімдігі.
Алматы метросының пойыздары жалпы сыйымдылығы 900 адамнан асатын төрт вагоннан тұрады.