Әскери қызметшілер Тәуелсіздік күнін атап өтті

0
253

Бүгін Шымкент гарнизонының барлық әскери бөлімдерінде жүмыс күні салтанатты сап түзеп, Мемлекеттік Туды көтерумен және Әнұранды орындаудан басталды. Әскери қызметшілер алдағы мерекені салтанатты жиын өткізіп, үздік әскери қызметшілерді марапаттаумен атап өтті.

Тәуелсіздік – халқымыздың бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Бостандықтың басқа ешкімге ұқсамайтын қасиетті мағынасын елдің тұтастығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында жүрген офицерлер, сержанттар, қатардағы жауынгерлер мен ардагерлер ерекше сезінеді.

Жеке құрам алдында сөз сөйлеген әскери бөлім командирлері әскери қызметшілерді Қазақстанның қазіргі тарихындағы басты мерекемен құттықтап, Қарулы Күштердің қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі, экономиканың тұрақты дамуындағы, әлеуметтік салауаттылықтағы рөлін атап өтті.

Құрметті қонақ ретінде шақырылған «Қарулы Күштер Ардагерлері» РҚБ қалалық филиалының төрағасы, отставкадағы полковник Серікбай Оңбаев барлық әскери қызметшілерді мерекемен құттықтап, осы күннің мемлекет тарихындағы маңыздылығын атап өтті. Ол баршаға зор денсаулық, амандық және Отанға қызмет етуде табыс тіледі.

– Бұл күн біздің еліміз үшін маңызды мереке. Халықтың, өз Отанына шын берілген, өз елінің, өз халқының тарихын қастерлейтін барлық адамдардың бірлігінің символы болып табылады, – деп атап өтті Серікбай Мейірбайұлы.

Мереке құрметіне қызметтегі жетістіктері үшін әскери қызметшілерге «Мінсіз қызметі үшін» медальдары, кезекті әскери атақтар мен грамоталар табыс етілді. Сонымен қатар, мерзімді әскери қызмет өткеріп жүрген үлгілі әскери қызметшілердің ата-аналарына алғыс хаттар дайындалды.

Салатанатты шаралар жеке құрамды ұлттық, классикалық және әскери-патриоттық музыкалық шығармаларды орындаумен қуантқан шығармашылық ұжымдар мен әскери оркестрдің үйымдастырған концерттік бағдарламасымен аяқталды.

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here