Қарулы күштердің ардагері ұлықталды

0
97

Шымкент қаласы Қарулы күштері Ардагерлер кеңесінің төрағасы отставкадағы полковник Серікбай Онбаевқа «Қазақстан Республикасының қоғамдық қайраткері» төсбелгісі табысталды.

2023 жылғы «Қазақстан Республикасының қоғамдық қайраткері» республикалық конкурсының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде «Әділетті Қазақстан адал азаматтар құрады» конференциясы аясында өтті.

Олардың қатарында отставкадағы полковник Серікбай Онбаев бар, ол жарты ғасырдан астам ғұмырын Отанға қызмет етуге арнады.  Ардагеріміз де талай марапаттар бар.

– 54 жылдан бері әскери киім киіп жүрмін. Біздің отбасымызда елдің әртүрлі әскери бөлімдерінде қызмет ететін 39 офицер бар. Қорғаныс министрлігіне осы тамаша конкурсқа қатысуға, өзімнің кәсіби және өмірлік тәжірибемді басқалармен бөлісуге мүмкіндік бергені үшін алғыс айтамын. Өйткені, біз, ардагерлер, мақтау мен марапат үшін жұмыс істемейміз. Біз, балаларымыз бен немерелеріміздің әкелерге, батыр аталарына ұқсап өскенін қалаймыз. Міне, сол мақсатта болашақ Отан қорғаушылармен жұмыс істейміз, – деді С.Онбаев.

«Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы басшысының орынбасары Саят Нәбиев Республикалық форумның түрлі қызмет салаларының 200-ге жуық өкілі жиналғанын атап өтті. Олардың ішінде дәрігерлер, әскери қызметшілер, педагогтар, кәсіпкерлер де бар.

– Президенттің әділ Қазақстанды құру туралы бастамасын насихаттау мақсатында биылғы қыркүйек айында біз осы идеяға жұмыс істейтін, елдің әлеуметтік және экономикалық дамуына үлес қосатын азаматтар арасында конкурс жарияладық. Байқауға мыңға жуық өтінім ұсынылды. Бүгін біз Жандарбек Мәлібековтың төсбелгілерін, дипломдарын, мүсіншелерін және кітабын сыйлыққа табыстадық, – деді ол.

Форумның құрметті қонақтары ретінде Мемлекеттік Елтаңбаның авторы Жандарбек Мәлібеков, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Бақтияр Тайлақбаев, Парламент депутаты Болат Керімбек және басқа да танымал тұлғалар қатысты.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here