2024 жылы елімізде такси бағасы қымбаттайды

0
303

Жаңа жылдан кейін мемлекеттен таксопарктерге жалға берілетін көліктер үшін субсидия берілуі тоқтайды. Яғни, жолаушылар қызметінің құны да өсуі мүмкін. Бұл туралы Жүргізушілер одағының атқарушы директоры Нүркен Тәжібай айтты.

«Бүгінде жүргізушілер жалға алған көліктер үшін күніне 12 мың теңгеден бастап, 20 мыңнан жоғары ақы төлейді. Таксопарк көліктерін мініп жүретіндердің саны мегаполис бойынша 60 пайыздан асып жығылады. Әзірге бұл ақпарат туралы нақты шешім шыққан жоқ. Такси жүргізушілерінің жайы қалай шешілері алдағы уақытта белгілі болмақ», – дейді Нүркен Тәжібай.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here