Су спорты: Спортшыларымыз әлем чемпионатының тұңғыш алтынын жеңіп алды

0
371

Катар астанасы Дохада өтіп жатқан су спорты түрлерінен әлем чемпионатында Қазақстан тарихи алтын медаль жеңіп алды.

 ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті хабарлағандай, Қазақстан тарихында су спорты түрлерінен әлем чемпионатында спортшыларымыз осы уақытқа дейін алтын медальға қол жеткізе алмай келе жатқан еді. Бүгін спортшыларымыз сол олқылықтың орынын толтырып, тарихи жүлдеге ие болды.

Бұған дейін Эдуард Ким жекелей сында қола жүлде жеңіп алған еді. Бүгін синхронды жүзуден аралас жұптық сында өнер көрсеткен Эдуард Ким мен Наргиза Болатова әлем чемпионы атанды. Олар 228.0050 ұпай жинады. Ал, күміс медальді Қытай құрамасы, қоланы Мексика командасы жеңіп алды.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here