2023 жылғы сараптамалық бақылау

0
956

2023 жылы Алматы қаласы бойынша экология департаментінің зертханалық-талдамалы бақылау бөлімінің мамандары, мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімінің инспекторларымен бірлесіп 44 нысанда жоспардан тыс тексеріс жүргізді.

Сынамалар алынған объектілердің саны: атмосфера – 32, өнеркәсіптік шығарындылар – 1, су – 8, топырақ жамылғысы – 3, радиация – 1. Барлығы 186 талдама жүргізілді. Оның ішінде атмосфералық ауа – 147, өнеркәсіптік шығарындылар – 1, топырақ жамылғысы – 3, су – 34 және радиациялық бақылау – 1.

Мамандар орындайтын зертханалық-талдау жұмыстарының дұрыстығын тексеру мақсатында «Экогидроконтрол» ЖШС, «ЭкоДеус» ЖШС, «Қазгидромет» РМК, «Экосервис-С» ЖШС, «ИВК және Компания» ЖШС зертханасымен бірлесіп зертханааралық салыстырмалы сынақтар жүргізілді.

Экология департаменті «Қазгидромет» РМК-пен бірлесіп Алматы қаласының аумағы бойынша атмосфералық ауаның жай-күйіне тұрақты негізде мониторинг жүргізеді. Өлшеу нәтижелері бойынша нормалардан асу анықталған жоқ.

Өз кезегінде «Қазгидромет» РМК ластануды бақылау бекеттері арқылы атмосфералық ауаға талдау жүргізеді. Қазіргі уақытта Алматы қаласының аумағында «Қазгидромет» РМК атмосфералық ауаның ластануын бақылайтын 16 бекет жұмыс істейді. Сондай-ақ, «Қазгидромет» РМК қолайсыз-метеорологиялық жағдайлар болжаған жағдайда Департаментті ресми хатпен дереу хабардар етеді.

Қазгидрометтен хабарлама хаты түскен жағдайда, экология департаментінің мамандары бекеттердің жанынан ауаның көрсеткіштерін анықтау мақсатында арнайы құралдармен өлшеулер жүргізеді және шекті рұқсат етілген концентрациядан асып кету фактілері анықталған жағдайда ластауыш көздері анықтау мақсатында жұмыс жасалады.

Сонымен қатар, экология департаментінің мамандары Алматы қаласының полиция департаментімен бірлесіп арнайы рейд барысында өлшеу құралдарымен автокөліктің зиянды шығарындыларының нормаға сәйкестігін тексеру мақсатында өлшеулер жүргізіп, бірлескен іс-шаралар өткізеді.

А. ӘЛҚОЖА,
Алматы қаласы бойынша
экология департаментінің бөлім басшысы

 

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here