Сенатта адам саудасының құрбандары мәселелері талқыланды

0
108

Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің депутаттары «Қазақстан Республикасында еңбек мигранттары мен адам саудасы құрбандарының құқықтарын қорғаудың өзекті мәселелері» тақырыбы бойынша отырыс өткізді.

Комитет төрағасы Нұрлан Бекназаров отырысты аша келіп, күн тәртібіндегі күрделі мәселелердің бірі адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауда адам саудасына қарсы іс-қимыл болып табылатынын және адам саудасы құрбандарын қорғаудың тиімді құқықтық тетіктерін қамтамасыз ету қажет екенін атап өтті.

«Біз заңнамалық базаны жақсарту жөнінде тұрақты түрде жұмыс жүргізіп келеміз, халықаралық ынтымақтастықты күшейтудеміз және Қазақстан аумағындағы әрбір адамның құқықтарын қорғаудың жаңа тетіктерін әзірлеу үстіндеміз. Қазіргі уақытта Үкімет Мемлекет басшысының адам саудасына қарсы күрестің тиімді тетіктерін енгізу туралы тапсырмасын орындау жөнінде жұмыстар атқарып келеді. Ең алдымен, бұл 2023 жылы Үкімет Мәжіліске енгізген және қазіргі уақытта осы Палата қарап жатқан адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы арнайы әзірленген заң болып отыр», – деді сенатор Бекназаров.

Отырыс барысында Еңбек және әлеуметтік қорғау министрінің бірінші орынбасары Ақмәди Сарбасов Қазақстанда адам саудасының құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету тақырыбы туралы баяндама жасады. Бас прокуратураның өкілі өз кезегінде заңсыз еңбек көші-қоны мен адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы заңдылық пен құқық қолдану тәжірибесінің сақталуы туралы сенаторларға айтып берді.

Сонымен қатар ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар Кеңсесінің басшысы Фробарт Фолькер, ішкі істер министрлігінің, ҚР Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталығының басшылығы, Халықаралық көші-қон ұйымының өкілдері және басқалар баяндама жасады.

Комитет отырысының қорытындысы бойынша көшіп-қонушы жұмысшылар мен адам саудасы құрбандарының құқықтарын қорғау жөніндегі құқықтық және ұйымдастырушылық тетіктерді одан әрі жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірленетін болады.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here