KazNARU ректоры АҚШ-та Небраска Линкольн университетінің басшылығымен кездесті

0
730

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Басқарма төрағасы – ректоры Ақылбек Күрішбаев АҚШ-қа сапары барысында елдің жетекші оқу орны Небраска Линкольн университетінің басшылығымен кездесіп, екі ЖОО арасында «Жан-жақты және өзара тиімді ынтымақтастық пен әріптестікті дамыту туралы келісімге» қол қойды.

Небраска Линкольн Университеті тарапынан құжатқа Университеттің Басқарма Төрағасы – Регент, профессор Родни Беннетт қол қойды. Келісім университеттердің агрономия, табиғи және су ресурстарын басқару, қоршаған орта туралы ғылым, биологиялық жүйелер инженериясы және басқа да магистрлік бағдарламалар саласында екі дипломдық білім беру бағдарламасын құру бойынша ынтымақтастықты көздейді. Бұл маңызды қадам KazNARU студенттеріне АҚШ-та оқуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Келісім сондай-ақ Қазақстан үшін маңызды жобаны: қазақстандық фермерлер арасында жаңа технологиялар мен ғылыми әзірлемелерді ұсыну және тарату жөніндегі Еxtension services Орталығын құру бойынша консультациялар мен Жол картасын әзірлеу жөніндегі жұмыстарды бастауды, сондай-ақ су ресурстарын басқару бойынша бірлескен зерттеулер жүргізу жөніндегі ынтымақтастық тетігін дамытуды көздейді.

Небраска Линкольн Университетінің басшыларымен талқылау барысында ғылыми саладағы серіктестікті дамытудың нақты қадамдары да қарастырылды. Тараптар Небраска Линкольн Университетінің өкілді делегациясы жақын арада KazNARU-ға ынтымақтастық мәселелерін нақтылау, сондай-ақ студенттер үшін Спутниктік кампус пен фермерлердің білімін тарату Орталығын құру мүмкіндігін талқылау үшін сапарлап келуге келісті.

Келіссөздер барысында жоғары оқу орындарының басшылары Небраска Университетінен оқытушылардың Workshop серияларын, семинарларды, ПОҚ біліктілігін арттыру курстарын өткізу және KazNARU магистранттары мен докторанттары үшін дәрістер оқу үшін келу мүмкіндігін талқылады.

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Ректоры А.Қ.Күрішбаев сондай-ақ ирригациялық жүйелерге арналған жабдықтар мен технологиялар өндіретін әлемдегі ең ірі компаниялардың бірі – «Wellmont» компаниясының Вице-президенті Дарин Сикмен мырзамен су шаруашылығы бойынша бірлескен құзыреттілік Орталығын құру мәселесі бойынша кездесті.

Кездесу аясында KazNARU басшылығы ғылыми зертханаларға, инновациялық жылыжайға барып, Небраска Линкольн Университетінің Еxtension services орталығының жұмысымен танысты.

Осылайша, KazNARU басшылығының АҚШ-тың жетекші университеттерінің бірі Небраска Линкольнге сапары өте нәтижелі болды.

Университеттер басшылығының кездесуінде қол жеткізілген нәтижелер KazNARU-ға халықаралық интеграцияның жаңа деңгейіне шығуға, білім беру бағдарламаларының сапасын және ғылыми зерттеулер деңгейін, оның ішінде су қауіпсіздігі мәселелері бойынша арттыруға, Қазақстанда фермерлер үшін қызмет көрсететін құзыретті Орталықтар құру үшін қажетті жағдайлар жасауға мүмкіндік беретіні сөзсіз.

KazNARU Баспасөз қызметі

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here