ҚР Ұлттық ғылым академиясының академиктері сайланды

0
2169

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясының (бұдан әрі – Академия) академиктерін сайлау жөніндегі конкурстың аяқталғаны туралы хабарлайды.

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы №223 бұйрығымен бекітілген ҚР Ұлттық ғылым академиясының академиктерін сайлау Қағидаларына сәйкес Академияның жалпы жиналысының шешімімен:

«Өмір және денсаулық туралы» ғылымдар бөлімшесі бойынша («Медицина және денсаулық сақтау» бағыты бойынша):

• Ақшолақов Серік Қуандықұлы – профессор, нейрохирургия саласындағы жетекші ғалым, «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ Басқарма төрағасы;

• Локшин Вячеслав Нотанович – профессор, көмекші репродуктивті технология саласындағы жетекші ғалым, «PERSONA» халықаралық клиникалық репродуктология орталығының жетекшісі;

 

«Жер, ғарыш және коммуникациялар туралы» ғылымдар бөлімшесі бойынша («Жаратылыстану ғылымдары», «Инжиниринг және технологиялар» бағыттары бойынша):

  • Здоровец Максим Владимирович – профессор, радиациялық материалтану, мембраналық технологиялар және нанотехнологиялар саласындағы жетекші ғалым, ҚР Энергетика министрлігінің «Ядролық физика институты» ШЖҚ РМК Астана филиалының директоры;

• Рамазанов Тілекқабыл Сәбитұлы – профессор, плазма физикасы және плазмалық нанотехнологиялар саласындағы жетекші ғалым, «әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» КЕАҚ;

  • Сұраған Дурвудхан – қауымдастырылған профессор, математика саласындағы жетекші ғалым, «Назарбаев Университеті» ДББҰ;

• Тұрысбеков Ерлан Кеңесбекұлы – профессор, өсімдіктер генетикасы саласындағы жетекші ғалым, ҚР ҒЖБМ ҒК «Өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы институты» ШЖҚ РМК.

ҚР Ұлттық ғылым академиясының академиктері болып сайланды.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here