Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясының (бұдан әрі – Академия) академиктерін сайлау жөніндегі конкурстың аяқталғаны туралы хабарлайды.
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы №223 бұйрығымен бекітілген ҚР Ұлттық ғылым академиясының академиктерін сайлау Қағидаларына сәйкес Академияның жалпы жиналысының шешімімен:
«Өмір және денсаулық туралы» ғылымдар бөлімшесі бойынша («Медицина және денсаулық сақтау» бағыты бойынша):
• Ақшолақов Серік Қуандықұлы – профессор, нейрохирургия саласындағы жетекші ғалым, «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ Басқарма төрағасы;

• Локшин Вячеслав Нотанович – профессор, көмекші репродуктивті технология саласындағы жетекші ғалым, «PERSONA» халықаралық клиникалық репродуктология орталығының жетекшісі;


«Жер, ғарыш және коммуникациялар туралы» ғылымдар бөлімшесі бойынша («Жаратылыстану ғылымдары», «Инжиниринг және технологиялар» бағыттары бойынша):


- Здоровец Максим Владимирович – профессор, радиациялық материалтану, мембраналық технологиялар және нанотехнологиялар саласындағы жетекші ғалым, ҚР Энергетика министрлігінің «Ядролық физика институты» ШЖҚ РМК Астана филиалының директоры;


• Рамазанов Тілекқабыл Сәбитұлы – профессор, плазма физикасы және плазмалық нанотехнологиялар саласындағы жетекші ғалым, «әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» КЕАҚ;


- Сұраған Дурвудхан – қауымдастырылған профессор, математика саласындағы жетекші ғалым, «Назарбаев Университеті» ДББҰ;


• Тұрысбеков Ерлан Кеңесбекұлы – профессор, өсімдіктер генетикасы саласындағы жетекші ғалым, ҚР ҒЖБМ ҒК «Өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы институты» ШЖҚ РМК.
ҚР Ұлттық ғылым академиясының академиктері болып сайланды.









