Химия саласының бакалаврларына диплом табысталды

0
457

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде химия және химиялық технология факультетінің бакалавриат түлектеріне диплом табыстау шарасы өтті. Бұл оқиға кеше жоғары оқу орнын аяқтап, ересек өмірге алғашқы қадам жасамақ болып тұрған түлектердің өміріндегі маңызды кезең.

Құрметті қонақтарға және түлектерге арнап құттықтау сөз сөйлеген ҚазҰУ-дың Басқарма мүшесі – академиялық мәселелер жөніндегі проректор Алина Галеева болашақ кәсіби өмірде алған білім мен дағдылардың мәніне ерекше тоқталды.

Келесі құттықтау сөзді химия және химиялық технология факультетінің деканы Мөлдір Дүйсебаева айтты. Ол биыл факультетті 408 жас түлек  аяқтап, олардың кәсіби топқа қосылатынын атап өтті. Түлектердің табандылығы мен еңбегіне алғыс білдіріп, олардың әрқайсысы факультеттің дамуына өз үлесін қосқанын айтты. Декан бакалавр дипломдарын табыс етіп, түлектер алдында жаңа мүмкіндіктер ашылатынын атап өтті.

Келесі сөзді және диплом тапсыру рәсімін химия және химиялық технология факультеті деканының орынбасары, химия ғылымының кандидаты Лейла Кудреева алды.

Салтанатты шара барысында түлектерге арнап Физикалық химия, катализ және мұнайхимия кафедрасының меңгерушісі, профессор Ермек Әубәкіров, Органикалық заттар, табиғи қосылыстар мен полимерлер химиясы және технологиясы кафедрасының меңгерушісі, профессор Ғалия Ирмұхамет және басқа да ұстаздар жылы лебіздерін білдірді. Ата-аналар атынан Дәурен Сабанбаев құттықтау сөз сөйледі. Жиында диплом табыстаумен қатар, қонақтарға арналған сыйлықтар мен ұтыс ойындары да ұйымдастырылды. Шара мерекелік бағдарламаға ұласып, жиын соңында ұстаздар жас түлектерге ғылым мен заманауи технологиялар әлемінде өз орындарын табуға тілектестік білдіріп, ақ жол тіледі.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here